timeskz.com
Tele2/Altel продемонстрировали телекоммуникационный сектор Казахстана на INMerge Innovation Summit 2024.

Tele2/Altel Қазақстанның телеком секторын INMerge Innovation Summit 2024-те таныстырды.

Іс-шараға қатысушылар телекоммуникация секторындағы соңғы сын-қатерлер, жаңашыл технологиялар және телекоммуникациялардың болашақ миссиясы туралы пікір алмасты.

«MT-S» ЖШС (Tele2/Altel брендтері) бақылау кеңесінің төрағасы Руслан Асаубаев пен басқарма төрағасы Сергей Назаренко Бакуде өткен INMerge Innovation Summit 2024 шарасына қатысты. Бұл беделді іс-шара телекоммуникация, финтех және неоэкономика саласындағы жетекші сарапшыларды, сондай-ақ стартаптар мен инвесторларды жинап, инновациялар мен ынтымақтастық үшін маңызды алаңға айналды.

Оттар елі Әзірбайжанның стратегиялық нетворкинг орталығына айналуға ұмтылатыны жасырын емес, бұл қатысушыларға негізгі серіктестіктерді қалыптастыруға, ынтымақтастықты дамытуға және өңірдегі көшбасшылармен және жаңашылдармен халықаралық байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.

Tele2/Altel-дің жоғарғы менеджерлері «AI және Big Data: Телекоммуникацияның болашақ эволюциясын басқару» панельдік сессиясында Қазақстанның телекоммуникация нарығын таныстырды, мұнда Сергей Назаренко Azer Telecom және Ooredoo-ның әріптестерімен телеком секторындағы соңғы қиындықтарды талқылады, сонымен қатар AI мен Big Data-ны ақылды пайдалану контекстінде телекоммуникациялардың болашақ миссиясы мен жарқын технологиялар тақырыбын егжей-тегжейлі қарастырды. Tele2/Altel CEO-сының айтқан негізгі тұстары:

1. Tele2/Altel-дің AI және Big Data-ны B2B серіктестеріне бизнесін оңтайландыруға көмектесетін инсайттарды анықтау үшін қолдану тәжірибесі. Назаренко келесі онжылдықта 6G және автономды желілердің белсенді енгізілуін көруге сенімді екенін білдірді.

2. Киберқауіпсіздікті арттырудағы AI-дің негізгі рөлі, AI жүйелерінің қауіптерді анықтау және инциденттерге нақты уақыт режимінде жауап беру қабілетіне назар аудара отырып.

3. Глобалдық энергетикалық дағдарыс пен AI-дің жоғары энергия шығыны туралы талқылау, мұнда ол модельдердің оқу тиімділігін арттыру және энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін breakthroughs шегінде тұрғанымызды атап өтті.

«Pasha Holding-ке осындай ауқымды шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, сондай-ақ Tele2/Altel-ді спикер ретінде қатысуға шақырғаны үшін. Қазақстанды халықаралық деңгейдегі алаңдарда ұсыну біз үшін үлкен мәртебе. Бұл Қазақстанның цифрландыру саласында әлемде лайықты жетекші орын алатынын тағы бір рет растайды және бізде бөлісетін нәрсе бар», — деді Руслан Асаубаев.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы eGov порталы арқылы электронды түрде қолжетімді екенін атап өтті спикер.

«Kaspi экожүйесін атап өтпей кетуге болмайды, оның мобильді қосымшасы әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл қаржы өнімдері, мемлекеттік қызметтер және мобильді оператор қызметтері арасындағы синергияның жарқын мысалы, оның рөлі, ең алдымен, осы қызметтерге елдің кез келген нүктесінен және тіпті шетелден смартфон мен SIM-картаны пайдалану арқылы үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады», — деп атап өтті Руслан Асаубаев . — Пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін Tele2/Altel AI және Big Data технологияларын смарт интеграциялауға үлкен назар аударады. Біз үнемі эксперимент жасап, инновацияларды енгізіп, саладағы ең үздік сарапшыларды тартып отырмыз. Бұл бізге салада технологиялық көшбасшылар болып қалуға және Қазақстанның цифрлық экожүйесін дамытуға мүмкіндік береді».

Еске сала кетсек, Tele2/Altel компаниясы Қазақстанның телеком нарығын модернизациялауға және елде 5G желісі мен жоғары жылдамдықты сымсыз қолжетімділік технологиясын (5G FWA) енгізуге бағытталған. Оператор сондай-ақ 4G-ні модернизациялауға инвестиция салуды жалғастыруда, Қазақстанның бірқатар облыстарында жиілік рефармингін жүргізіп жатыр. 3G-ден 4G-ге жиілік диапазонын ауыстыру мен өткізу қабілетін арттыру тек клиенттік қызметті жақсартып қана қоймай, республикадағы цифрландыруды дамытуға да ықпал етеді.