DAR компаниялар тобы VEON холдингінен қазақстандық TNS Plus (TNS+) компаниясының 49% үлесін сатып алу мәмілесінің аяқталғанын хабарлады. Процесс барлық қажетті реттеуші бекітімдерді алғаннан кейін аяқталды. Мәміленің жалпы сомасы $137,5 млн-ды құрайды, оған кейінгі төлемдер де кіреді. Енді TNS+ толығымен DAR-ға тиесілі.
DAR-да хабарланғандай, мәміледен кейін VEON-ға тиесілі «Beeline Қазақстан» «TNS+ компаниясынан телекоммуникациялық инфрақұрылым қызметтерін алуды жалғастырады, бұл екі компания арасындағы ұзақ мерзімді келісімшарттармен қамтамасыз етіледі».
TNS+ CEO-сы және DAR компаниялар тобының негізін қалаушы Алидар Утемуратов: «Бұл сатып алу бізге жаңа аймақтарда бизнесті кеңейту, инновациялық цифрлық өнімдерді енгізу бойынша глобалдық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымына инвестиция салуды жалғастырамыз…» деді.
DAR — 10 жыл бұрын қазақстандық кәсіпкер Алидар Утемуратов негізін қалаған халықаралық компаниялар тобы. Телекоммуникация, қаржы технологиялары, медиа, спорт, қайырымдылық және IT салаларында жұмыс істейді.
VEON — алты елде, соның ішінде Қазақстанда, конвергентті байланыс қызметтері мен цифрлық сервистерді ұсынатын жаһандық цифрлық оператор. VEON «KaР-Тel» ЖШС («Beeline Қазақстан») акцияларының 75%-ына ие, қалған 25%-ы кәсіпкер Булат Утемуратовқа тиесілі.
TNS Plus сайтында айтылғандай, бұл 1994 жылы Қазақстанда құрылған халықаралық магистральдық оператор. VEON-ға Қазақстан мен Қырғызстанда халықаралық транзит, A2P SMS қызметін және VEON-ға Қазақстанда МН-дауыстық трафикті өткізу бойынша эксклюзивті оператор болып табылады. Өзінің 14 мыңнан астам км магистральдық оптикалық желісі, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанмен 28 халықаралық қосылу нүктесі бар. Компанияның Мәскеу, Гонконг және Франкфуртте өз торабы бар.