timeskz.com
Глава государства встретился с Мишель Симмонс, Президентом Microsoft для Центральной Европы и Центральной Азии.

Мемлекет басшысы Орталық Еуропа және Орталық Азиядағы Microsoft президенті Мишель Симмонсты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Microsoft компаниясының IT-индустрияны дамыту және стартаптарға толыққанды экожүйе құру жөніндегі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы Microsoft офисінің Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістанды қамтитын көп өңірлік хабқа айналғаны туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның инновациялар мен экономикалық өсуді дамыту мақсатында жасанды интеллект саласындағы заңнаманы белсенді түрде әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Келесі жылы еліміздің цифрлық трансформациясына негіз болатын Ұлттық жасанды интеллект орталығы құрылмақ.

Өз тарапынан Мишель Симонс Microsoft-тың Қазақстан тарапымен цифрлық даму бойынша әрі қарай жемісті ынтымақтастықта болуға ниетті екенін атап өтті.