timeskz.com
Президент встретился с генеральным директором Électricité de France (EDF) Люком Ремоном.

Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) бас директоры Люк Ремонды қабылдады.

Энергетика саласындағы жаңа серіктестік! Қазақстан мен Франция арасындағы атом электр станциясының құрылысындағы ынтымақтастықтың болашағы қандай? Жаңа технологиялар мен халықаралық консорциум құру мүмкіндігі туралы не білеміз? Бұл жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді? Толығырақ біліңіз!

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Électricité de France компаниясының бас директоры Люк Ремонмен кездесуінде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі атом электр станциялары операторының қазіргі қызметі мен жоспарлары туралы ақпарат алды.

Президент республикалық референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысын қолдағанын айтты. Француз компаниясы АЭС құрылысына арналған ядролық технологияларды жеткізушілердің қысқа тізіміне кіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, еліміз осы маңызды жобаны іске асырудың әлеуетті моделдерінің бірі ретінде халықаралық консорциум құру мүмкіндігін қарастырып отыр.

Өз тарапынан Люк Ремон компанияның «Қазатомпроммен» өзара тиімді серіктестікті жалғастыру ниетін растады. Ол сонымен қатар жаңартылатын энергетика саласындағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

EDF – электр энергиясын өндіру және жеткізу бойынша мемлекеттік француз компаниясы. Компания 67 атом реакторының операторы, олардың 56-сы Францияда, 9-ы Ұлыбританияда, 2-і Қытайда (дүние жүзіндегі барлық АЭС-тердің жалпы қуатының шамамен 18%-ы). Компания Францияда тағы 14 реактор салуды жоспарлап отыр.