timeskz.com
В новом районе Астаны открыли Управление санитарно-эпидемиологического контроля для обеспечения здоровья населения.

Астананың жаңа ауданында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құрылды.

2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы үкіметтің қаулысы қабылданды.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қарасты Астананың Сарайшық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын құру" - делінген құжатта.

Республикалық мемлекеттік мекеменің қаржыландыруы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін ұстауға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

2024 жылдың 19 маусымында Астанада жаңа ауданның атауы - Сарайшык бекітілді. Бұл елордадағы алтыншы аудан болып табылады.