Әсіресе, ережелерге неформалды білімнің оқу нәтижелерін растайтын құжат туралы тармақ қосылды:
- Неформалды білім беретін ұйым анықтайтын формадағы сертификат немесе куәлік.
Сертификат немесе куәлікпен бірге оқылған курстардың, оқу пәндерінің (модульдердің) атаулары мен көлемі (академиялық кредиттер немесе академиялық сағаттарда) көрсетілген қосымша беріледі.
- Сертификат, еңбек электронды биржасында сұранысқа ие мамандықтар тізімі бойынша, оқылған курстардың атауларын, көлемін сағатпен көрсеткен формада алынған;
- Халықаралық білім беру платформаларында (Coursera (Курсэра), EdX (Эдикс), FutureLearn (Фьючелен), Udacity (Юдасити) және басқалар) ашық онлайн курстардан алынған сертификат.
Неформалды білімнің оқу нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен Неформалды білімнің оқу нәтижелерін тану комиссиясы құрылды.
Комиссияның қызметі туралы ереже, оның құрамы білім беру ұйымы тарапынан дербес анықталады.
Неформалды білімнің оқу нәтижелерін тану үшін оқушы (тыңдаушы) академиялық кезең басталмай тұрып комиссияның қарауына келесі құжаттарды ұсынады:
- Комиссия төрағасының атына неформалды білімнің оқу нәтижелерін тану туралы еркін формада өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- неформалды білімнің оқу нәтижелерін растайтын құжат (куәлік).
Комиссияда алынған құжаттарды қарау үшін қажетті жағдайда, білім беру ұйымының мамандары дайындаған сараптамалық қорытынды шығарылады.
Сараптамалық қорытынды неформалды білімнің оқу нәтижелерін бағалаумен еркін формада дайындалып, Комиссияға тапсырылады.
Ұсынылған өзгерістер неформалды білімді кәсіби оқытудың бір түрі ретінде тануға бағытталған, бұл skills.enbek.kz платформасында алынған микроквалификациялардың танылуына ықпал етеді.
Құжат "Ашық НПА" сайтында 9 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылған.