Заң азаматтарға, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіруге бағытталған.
Бірінші блок өзгерістер мемлекет басшысының "Отбасы банк" негізінде толыққанды даму және қолдау институтын құру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға арналған, ол тұрғын үйді орталықтандырылған түрде есепке алу, тіркеу және бөлу жұмыстарын жүргізеді.
"Отбасы банк" сондай-ақ жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйдің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды жалғастырады, жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй займдарын ұсынады.
"Отбасы банк" тұрғын үйді қажеттілікті тіркеу күні мен табыс деңгейін ескере отырып бөледі, бұл ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екінші блок өзгерістер тұрғын үйге мұқтаждарға қосымша кепілдіктер енгізуді қарастырады.
Үшінші блок өзгерістер мемлекеттік қолдау шаралары аясында тұрғын үйді иелену және пайдалану механизмін реттейтін ережелерді толықтыру мен нақтылауды қамтиды.
Төртінші блок өзгерістер жер заңнамасының, құрылыс саласындағы заңнаманың, жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру саласындағы заңнаманың кейбір ережелерін жетілдіруге бағытталған.
30 қазан күні Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты Сенаттың өзгерістерімен келісті.