Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада Шахимардан Әбилов, Айгуль Үлкенбаева, Альфия Каримова, Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Байсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды танымал өнерпаздар өнер көрсетті.
Концерт Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы «Тойбастар» сахналық көрінісімен ашылды. Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, сондай-ақ «Астана Опера» хоры, оркестрі және балет труппасы дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен кештің мерекелік атмосферасын қалыптастырды.