Ақтөбе облысы Ресей Федерациясының 47 өңірімен белсенді ынтымақтастық орнатып отыр. Өткен жылы көрші елмен тауар айналымы 1,4 млрд АҚШ долларын құраса, биылғы жылдың сегіз айында бұл көрсеткіш бір миллиард долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық.
"Ең көп экспортталатын тауарлар – хром рудасы, мыс рудасы. Ал, Ресейден импортталатын тауарлар – қант, металлдан жасалған жартылай фабрикаттар және басқа да тауар позициялары. Негізгі өңіраралық серіктестер – Оренбург, Челябинск облыстары, Мәскеу және Башқұртстан", — деп хабарлады Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Алибеков.
Жергілікті зауыттардың бірінде өндірілетін өнімнің жартысы Ресейге экспортталады. Зауыт жыл сайын 5 млн шаршы метр керамогранит өндіреді, бұл өнімге сұраныс жоғары, сондықтан өндірісті кеңейту жоспарлануда. Жобаға 20 миллиард теңге инвестиция салынады, бұл 350 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
"Бұл зауыт табысты іске асырылды, табысты тәжірибеде жұмыс істейді, біз өндірісті дамыту мен кеңейтуге инвестиция салуды жалғастырудамыз. Үшінші кезеңнің құрылысын жоспарлап отырмыз, онда жаңа тенденциялар бойынша плитканың басқа форматтары өндірілетін болады. Өндірістік қуаттылығы 4 млн шаршы метрді құрап, болашақта 8 млн-ға дейін кеңейтіледі", — деп атап өтті жоба менеджері Агадиль Жумадиль.
Облыста қазіргі уақытта 700-ден астам қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Инвесторларға инфрақұрылымды тарту арқылы қолдау көрсетіледі.
Ақтөбеде 800 гектардан астам аумақта жаңа арнайы экономикалық аймақтың құрылуы аяқталуда. Мұнда металлургия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, сондай-ақ көлік-логистика саласында жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұған дейін полиция Ресейге контрабанда жасауға тырысқан әрекетті тоқтатқаны хабарланған: Ақтөбе облысындағы "Жайсан" автокөлік өткізу пункті арқылы 50 млн теңге шамасында үлкен партия темекі заңсыз шығарылмақ болды.
Сонымен қатар, Ақтөбе тұрғындары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақты қымбаттауына шағымдануда. Мысалға, өңірде тізімдегі он тоғыз позицияның сегізі қымбаттады.
Эксклюзивті контент пен жаңалықтар тек сіздер үшін! Telegram-ға жазылыңыз!