Қазақстандықтар белсенді түрде қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуде. Тіпті дәстүрлі түрде "цифрландыру" деңгейі төмен болған аймақтар да қағаз ақша қабылдаудан бас тартуда.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елде шамамен 80 млн банк картасы ашылған, яғни әр қазақстандыққа орта есеппен 4 картадан келеді, ал онлайн-банкингті пайдаланушылардың саны 24,8 млн адамға жетті.
Сонымен қатар, "қолма-қол ақшасыз" жүйеге жылдам көшу кәсіпкерлердің арқасында мүмкін болып отыр. Finprom порталының мәліметтері бойынша, елде жыл сайын қолма-қол ақшасыз төлемдер қабылдайтын кәсіпорындардың саны динамикалық түрде өсуде.
Мәселен, 2022 жылы елде "қолма-қол ақшасыз" жұмыс істейтін 500 мыңнан астам кәсіпорын болса, 2023 жылы олардың саны 762,7 мыңға дейін өсті.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, елде 967,6 мың кәсіпорын тіркелген, олардың 1,1 млн-нан астам сауда нүктесі қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайды.
Алматыда "қолма-қол ақшасыз" кәсіпорындардың саны ең көп – шамамен 181,3 мың . Келесі орында Астана – 123,5 мың кәсіпорын, ал үштікті Шымкент жабады – 64,3 мың .
Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жөн көретін кәсіпорындар Қарағанды және Алматы облыстарында да көп тіркелген – 56,4 мың және 55,8 мың бірлік.
Осылайша, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз сала шын мәнінде жылдам дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Болашақта цифрландырудың одан әрі жеделдетілетініне, әсіресе банктер арасындағы QR-төлемдер енгізілгеннен кейін сеніммен айтуға болады.