Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 20 қарашада сағат 17:00-ге доллардың орташа бағамы 495,34 теңгені құрады. 19 қарашадағы 17:00-гі деректермен (1 доллар үшін 497,18 теңге) салыстырғанда, ұлттық валюта долларға қатысты 1,84 теңгеге нығайды, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі.
KASE-нің мәліметтері бойынша, саудада доллардың минималды бағамы 494,60 теңгеде, максималдысы – 496,36 теңгеде, жабылу бағамы – 496,36 теңгеде қалыптасты. Американдық валюта бойынша сауда көлемі 190 млн 174 мың долларды құрады. Валюта операцияларының саны – 569. Сағат 15:30-дағы орташа бағам 495,20 теңгені құрады. kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде 17:10-да американдық валютаның максималды сатылым бағамы 499 теңге, Алматыда – 500 теңге болды.
20 қарашадағы Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 497,26 теңгені құрайды. 21 қарашада, ресми бағамды анықтау тәртібіне сәйкес, ол 1 доллар үшін 495,20 теңгені құрайды.