Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтері 2024 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша 21,6 трлн теңге құрады. Биылғы 10 айда өсім 3,7 трлн теңгеден асып, 20,8%-ды құрады. Жыл ішінде зейнетақы активтері 4,4 трлн теңгеге немесе 25,3%-ға артты, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған кезеңде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 20,7 трлн теңгеден асты. Жылдық өсім 24,5%, жыл басынан бері 19,9% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 633,8 млрд теңге болып, жылдық өсім 15,3%, ағымдағы жылдың басынан 11,5% құрады. Ең үлкен өсім (жылына 47,3%, жыл басынан 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша байқалды, олардың көлемі 7,3 млрд теңгеден асты.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.
Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер есебінен артып жатыр. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына зейнетақы жарналары 2,2 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7% немесе 514,6 млрд теңгеге көп.
Барлық жарна түрлері бойынша өсім байқалады: жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) МЗЖ есебінен жыл басынан 1 қарашаға дейін шамамен 2 трлн теңге түсті – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық, МКЗЖ бойынша – 94,5 млрд теңге, 19,8%-ға өсіммен, ЕЗЖ бойынша – 2,6 млрд теңге, 38,0%-ға жоғары.
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 2024 жылғы 1 қарашаға дейін шамамен 2,4 трлн теңге құрады. Оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеден астамға немесе 92,8%-ға артты.
Барлық жарналар бойынша төлемдер мен Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2024 жылдың 10 айында шамамен 990 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
429,1 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды.
Зейнетақы жасына жетуіне байланысты төлемдер шамамен 171,6 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 39,8%-ға артық.
Қаңтардан қарашаға дейін мұрагерлік бойынша да төлемдер жүргізілді – 50,3 млрд теңге , тұрақты тұру үшін шетелге шығу бойынша – 33,9 млрд теңге , мүгедектерге – 2,5 млрд теңгеден астам, жерлеу үшін – шамамен 8,4 млрд теңге . Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сомма аударылды.
Зейнетақы жасына жетуіне байланысты Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан орташа ай сайынғы төлемнің мөлшері 33 865 теңге , ал максималды ай сайынғы төлемнің мөлшері – 945 752 теңге .
2024 жылғы 1 қарашаға дейін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,9 млн бірлікті құрады (жыл басынан бері шот саны 4,6 млн бірлікке немесе 37,5%-ға артты, жыл ішінде – 37,9%-ға). Осы уақытта Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ЖЗШ алушыларының саны 12,5 млн бірлікке жуық, олардың ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 705,8 мың - МКЗЖ бойынша, шамамен 433,5 мың - ЕЗЖ бойынша.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес МЗЖ-ны есепке алатын Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарының саны шамамен 4,5 млн бірлікті құрады.