timeskz.com
На бирже курс доллара близок к 499 тенге.

Биржада доллардың сатылым бағасы 499 теңге төңірегінде.

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде американдық валютаның ең жоғары сатылым бағамы 506 теңгені құрады.

Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа салмақты бағамы 27 қарашада 11:00-де 498,97 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпараттар орталығының тілшісі хабарлайды.

kurs.kz мәліметтері бойынша, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде американдық валютаның максималды сату бағамы 11:15-те 506 теңге болды, Алматыда да 506 теңге.

27 қарашадағы Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 498,55 теңге. Келесі күні долларға қатысты теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.