Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы 26 қарашада 11:00-де 498,62 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.
kurs.kz мәліметтері бойынша, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде 11:15-тегі максималды америкалық валюта сату бағамы 503 теңгені, Алматыда – 504 теңгені құрады.
26 қарашадағы Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 498,51 теңгені құрайды. Келесі күні доллардың теңгеге қатынасы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.