timeskz.com
Какие товары казахстанцы предпочитают приобретать в кредит?

Қазақстандықтар несиеге жиі қандай тауарларды сатып алады?

Шамамен 20% респонденттер тұрмыстық техника сатып алу үшін микроқаржыларды пайдаланады.

Қазақстандықтар несиеге сатып алуларға қатысты сақтықпен қарауды үйренді. Бұрын қарыз қаражаты жиі әртүрлі гаджеттер мен ойын-сауық тауарларын сатып алуға жұмсалса, 2024 жылы басқа тренд байқалады. «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) жүргізген зерттеуге сәйкес, 2024 жылы микроқарыздар көбінесе үй, денсаулық және білімге арналған тауарлар мен қызметтерге рәсімделуде, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі компанияның деректеріне сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері бойынша 25-65 жас аралығындағы адамдар несиеге сатып алуды көбірек саналы түрде жүзеге асыруда. Осы жастағы респонденттердің көпшілігі микроқарыздарды жөндеу, ірі және кіші тұрмыстық техника, медициналық қызметтер мен білім алу үшін рәсімдейді.

«Қазақстандықтар өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ақылмен бағалауды бастады, жаңа смартфон сатып алуға қарағанда, күнделікті өмірде және тұрмыста нақты пайда әкелетін тауарлар мен қызметтерді таңдауды жөн көреді», - деп атап өтті «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді).

Сонымен қатар, әртүрлі гаджеттерге сұраныс 18-23 жас аралығындағы азаматтар арасында жоғары болып қалуда: бұл жастағы респонденттердің 75%-ы соңғы модельдегі смартфон, планшет немесе қымбат құлаққап сатып алу үшін микроқарыз рәсімдеген немесе рәсімдеуге тырысқан. Дегенмен, мұндай тауарлардың жалпы көлемдегі үлесі төмен, бар болғаны 9%.

Барлық кредиттердің шамамен үштен бірі немесе 28%-ы жөндеуге жұмсалады, бұл Қазақстандықтардың өз тұрғын үйінің жайлылығы мен сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді. Азаматтардың үштен бірі тұрғын үй жағдайларын жақсарту өткен жыл ішінде олардың басты қажеттіліктерінің бірі болғанын айтты.

Шамамен 20% қарыз алушылар тұрмыстық техника сатып алу үшін кредиттерді пайдаланады. «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) аналитиктері қымбат және, мүмкін, қысқа мерзімді тауарларды сатып алудың орнына, адамдар үй үшін «пайдалы» және ұзақ мерзімді сатып алуларды жөн көретінін атап өтті.

Медициналық және стоматологиялық қызметтер 17%-ды құрайды.

Білім беру мақсаттары да белсенді өсіп келе жатқан категориялардың бірі болды. Мысалы, репетиторлар мен түрлі курстар, соның ішінде тілдерді үйрену бойынша кредиттер 12%-ға дейін өсті. 30-35 жас аралығындағы қарыз алушылардың 37%-ы білім алу үшін krediт алады, ол тек балаларға арналған курстар үшін ғана емес, сонымен қатар өз біліктілігін арттыру үшін де.

Автосервис қызметтеріне арналған микроқарыздар жалпы көлемнің 7%-ын құрайды. Жиһаз сатып алуға кредиттерді бар болғаны 4% азамат рәсімдейді.

Аналитиктер мұндай динамика Қазақстандықтардың кредиттік міндеттемелерге деген ересек әрі рационалды көзқарасын көрсетеді және кредиттер бір реттік қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы емес, өмір сапасын, денсаулықты және тіпті жеке және кәсіби өсуге қамқорлық жасау құралына айналып отырғанын білдіреді.